Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қызылорда қаласында көгалдағы хоккейден қыздар, ұлдар, ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының III-IV айналымы өтті.
Жалпы ел чемпионатының қорытындысы бойынша 68 ұпай жинаған қызылордалық «Қайсар» ерлер командасы көш бастады. Жамбыл облысының спортшылары 51 ұпаймен екінші, Батыс Қазақстан облысының командасы 38 ұпаймен үшінші орындарғы ие болды.
Сондай-ақ, 37 ұпаймен жерлестеріміз «Қайсар» әйелдер командасы 1-орынды жеңіп алды. Орал қаласы (27 ұпай) екінші орынды еншілесе, Жамбыл облысының (25 ұпай) командасы үшінші орынды қанағат тұтты.
2003 жылғы және одан төмен ұлдар арасында сырдариялық спортшылар бірінші орыннан көрінсе, Жамбыл облысы екінші, қазалылық спортшылар үшінші орындарға ие болды.
Ал қыздар арасында Қаратау қаласының командасы 1-орынды, Жамбыл облысы 2-орынды, Орал қаласының командалары 3-орынды иеленді.
Қызылорда облысының командаларын жарысқа көгалдағы хоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.             


23 қазан 2018 ж. 439 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области