Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАШБЕК АУЫЛЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР АЯҚТАЛДЫ

МАШБЕК АУЫЛЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР АЯҚТАЛДЫ

Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында республикалық турнир өтті.
Жарыстардың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен Машбек Нәлібаевтың ұлы Пазылбек Нәлібаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Еңбек ардагері атындағы спорттық жарыстар 2005 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Қазақ күрсінен өткен турнирге облыс орталықтарынан 11 команда 100-ден аса спортшы 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Жарыстың қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары:
55 келі салмақта Ердәулет Салыбеков (Қызылорда), 60 келіде Олжас Оразалыұлы (Қызылорда), 66 келі салмақта Әділет Құлшым жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 74 келіде Бижан Елібай (Алматы қ.), 82 келі салмақ дәрежесінде Сұлтан Зарықбай (Жамбыл), 90 келіде Мейірбек Байжігіт (ұлттық құрама), 100 келі салмақта Жансерік Жұмабай (ұлттық құрама), +100 келіде Сұлтан Серікбай (Жамбыл).
Сондай-ақ, қазақ күресінен өткен түйе палуандар сайысында қызылордалық Еламан Ерғалиев бас жүлдені жеңіп алды. Қалған орындарды алматылық Руслан Әбдіразақов пен қызылордалық Нұрым Сәлімгереев иеленді.
Сонымен қатар, Еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған волейболдан және шағын-футболдан облыстық ашық турнирлер өтті. Волейболға 7 команда, шағын-футболға 12 команда қатысты.
Волейболдан өткен турнирдің қорытындысы бойынша І орын – Машбек ауылы, ІІ орын – қызылордалық Бақсайыс командасы, ІІІ орын – Әбдіғаппар ауылы жеңіп алды.
Шағын-футболдан жарыс қорытындысы бойынша І орын – жаңақорғандық «Сығанақ» командасына бұйырды. ІІ орынды – Жайылма ауылы, ІІІ орынды – Еңбекші ауылы алды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының медаль, грамота және демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.                       




22 қазан 2018 ж. 390 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области