Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИЛЬЯ ИЛЬИН МЕН ЗУЛЬФИЯ ЧИНШАНЛО 2020 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУЫ МҮМКІН

ИЛЬЯ ИЛЬИН МЕН ЗУЛЬФИЯ ЧИНШАНЛО 2020 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУЫ МҮМКІН


    Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің келесі Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін екенін айтты.
    Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлайды.
    «Ардагерлерден қазір бізде Ильин бар. 1988 жылы туған. 29-ы – жастар. Қазір біз Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімін күтіп отырмыз. 6 қазан күні Ильиннің ісіне байланысты отырыс өтті. Сондықтан шешімді асыға күтіп отырмыз. Оң нәтижесін береді деген сенімдеміз. Ильяның әлем чемпионатында көріп қалатын шығармыз. Тіпті ол Олимпиада ойындарына да қатысуы мүмкін. Зульфия Чиншанлоға байланысты шешім де оң болатын болса, ол 2018 жылдың 25 мамырынан бастап өнер көрсете алады. Егер Азия ойындары туралы мәселені федерация шешетін болса, онда екеуі де Азия ойындары мен Олимпиада ойындарына қатыса алады», – дейді Ни.
     Еске салайық, Илья Ильин допинг сынамасынан оң нәтиже бергені үшін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. Бірақ оны спорттан шеттету туралы шешім әлі шыққан жоқ.
    Сонымен қатар осы допинг дауына байланысты Чиншанло 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдесінен айырылған еді. Оның жаза мерзімі 2018 жылдың 26 мамырында аяқталады.
    24.kz

15 қараша 2017 ж. 194 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области