Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨГАЛДАҒА ХОККЕЙДЕН «ҚАЙСАР» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

КӨГАЛДАҒА ХОККЕЙДЕН «ҚАЙСАР» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ


Қазан қаласында көгалдағы хоккейден жоғарғы лига командалары арасында өткен Ресей федерациясының ашық чемпионатында Қызылорда облысының«Қайсар» ерлер командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Төрт айналымда да бірінші орынды иеленген жерлестеріміз жарыс барысында 20 ойын өткізіп, 3 кездесуде ұтылса, 17 ойынды жеңіспен аяқтады. Төрт турдың қорытындысы бойынша «Қайсар» қайсарлықтарын дәлелдеп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Мұрат Ешпанов «Жартылай қорғаушы» номинациясын иеленді.
Облыс құрама команда сапында Ғалымжан Әлиев, Дәулетбек Әлиев, Диас Әлжанов, Мұрат Ешпанов, Асхат Ермағанбетов, Дәурен Қобландин, Дәурен Мэлисов, Ерасыл Қайқыбеков, Никита Пласкин, Асхат Зулпухаров, Мұхағали Сансызбаев, Олжас Әуезхан, Бақытбек Сәрсенбайұлы, Бақытбек Тәженов, Нұрхан Сансызбаев, Шынғыс Сейтқалиев, Нұрлыбек Ұзақов, Дулат Шыныбек өнер көрсетті.
«Қайсар» ойын түрлері спорт клубында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.
Ендігі мақсат – спортшылар үстіміздегі жылдың 15-23 қазан аралығында Қызылорда қаласында көгалдағы хоккейден ерлер арасында өтетін ҚР чемпионатының III-IV турларына қатысады.



09 қазан 2018 ж. 80 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области