Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫС АУЫР АТЛЕТТЕРІ – БІРІНШІ ОРЫНДА!

ОБЛЫС АУЫР АТЛЕТТЕРІ – БІРІНШІ ОРЫНДА!


    Атырау қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен ҚР чемпионатында жерлестеріміз 197 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орында – Алматы облысы (191 ұпай) командасына бұйырса, үшінші орынға – Алматы қаласы (169 ұпай) ауыр атлеттері тұрақтады.
    Облыс құрама командасы жақсы өнер көрсетіп, 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальдарды иеленіп, қатарынан 4 мәрте Қазақстан жеңімпазы атанды. Алтын жүлдегерлер: 77 келі:  Асылжан Бектай - 304 келі (135+169), 94 келі: Нұржан Кеңесбек -  310 (132+178). Күміс жүлдегерлер: 56 келі: Алмат Асанханұлы – 208  (89+119), 75 келі: Зарина Зарқұмова – 189 (86+103), 105 келі: Мейіржан Молдағали  - 311 (141+170), +105 келі: Марлен Жұмәділ  - 276 (120+156). Қола жүлдегер: 85 келі: Евгений Ломанов -  262 (120+142).
    Спортшылар келесі жылдың ақпан айында  Қызылордада өтетін ҚР чемпионатына қатысады. Ол сында Азия және әлем чемпионаттарына ел намысын қорғайтын құрама жасақталады.
    Спортшыларды жарысқа Нұржан Смаханов, Арман Абдраев, Альберт Хакимулин және Алексей Герасев дайындады.

10 қараша 2017 ж. 201 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области