Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛАДЫ

АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛАДЫ

18 тамыз – Қазақстан Республикасының спорт күні қарсаңында Қызылорда қаласында ауыл жасөспірімдерінің республикалық II жазғы спорт ойындары басталады. Төрт жылда бір рет өткізілетін ойындарға облыстардың құрама командалары қатысады. Ойын бағдарламасында ұлттық, бұқаралық және олимпиадалық спорт түрі енгізілген. Дүбірлі додада республиканың 14 облысынан 2000-ға жуық 2001-2003 жылдары туылған ауыл спортшылары шеберлік байқасады.
Сайыс спорттың 10 түрінен волейбол, шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, асық ату, грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо, гандболдан өтеді.
Мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ауылдық жердегі жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, үздік спортшыларды анықтау, спорт резервін даярлау.
Айтулы спорт бәсекесі 21 тамыз күні қорытындыланады.
Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қызылорда облысының әкімдігі.
Спорт ойындары 18 тамыз күні 10.00-де басталса, 19.00-де «Евразия» СК салтанатты ашылуы өтеді.
14 тамыз 2018 ж. 1 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области