Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ, АЗИЯ ЧЕМПИОНАТТАРЫНАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ

СЫР СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ, АЗИЯ ЧЕМПИОНАТТАРЫНАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ


    Талдықорған қаласында ұлттық жекпе-жектен жастар және ересектер арасында  өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 3 жүлдені иеленді.
    Атап айтсақ, ҚР жеңімпаздары  жастар арасында сынға түскен Бақтияр Мұхамедияров 65 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанса, осы салмақта Досбол Арыстанов -  күміс, 48 келіде Еркеғали Мизамов -  қола жүлде иеленді. Алтын медаль Бақтияр Мұхамедияров жеңісіне орай ҚР спорт шебері нормативін орындады.
    Үстіміздегі жылдың 9-10 желтоқсан  күндері Астана қаласында грэпплингтен өтетін ҚР кубогына үш спортшымен қатар, облыс құрама командасы қатысады.
    Сондай-ақ, Сочи (Ресей) қаласында панкратионнан өткен әлем чемпионатында ересектер арасында шеберлік байқасқан Саламат Қалжанов (+100 келі) пен жастар арасында Ғани Әділсерік (60 келі) қола жүлделерді еншіледі.
    Спортшыларды жарысқа Арман Мәделханов дайындады.

08 қараша 2017 ж. 422 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области