Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚЫЛДЫЛАР ОЙЫНЫНЫҢ БІРІНШІ ЖҮЛДЕСІ АҚТӨБЕЛІКТЕРГЕ БҰЙЫРДЫ

АҚЫЛДЫЛАР ОЙЫНЫНЫҢ БІРІНШІ ЖҮЛДЕСІ АҚТӨБЕЛІКТЕРГЕ БҰЙЫРДЫ


    Қаладағы «Достық үйінде» гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына арналған шахмат турнирінің жабылу рәсімі болып өтті.
    Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаз команданы марапаттады.
    – Шахмат – ақылды әрі парасатты адамдардың ойыны. Облысымызда ұйымдастырылған гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына арналған турнир жоғары деңгейде өткізілді. Шахматшылар сайысына қатысқан ойыншыларға жарқын болашақ тілеймін, – деді ол.
    Айта кетейік, аталған турнирге еліміздің барлық аймағынан және Ресей мен Қырғызстаннан 200-ден аса жас шахматшылар қатысты. Бір аптаға созылған турнир аясында түрлі танымдық және спорттық шаралар өткізілді.
    – №4 «Дарын» балалар мектебінің ұжымы қатысушылар үшін бірқатар шаралар ұйымдастырды. Алғашқы күні танысу кеші өткізілсе, одан кейін Ахат Ибраевтың «Аңыздар кітабы» атты фильмі көрсетілді. Сондай-ақ, би кеші мен «Полиглот» жарысы өткізіліп, балалар бір-бірімен жақынырақ танысты, – деді облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» қосымша білім беру орталығының әдіскері Әсел Ахметова.
    Сонымен қатар, облыстық жастар ресурстық орта­ лығы турнир қатысушыларына арнап экскурсия ұйымдастырып, қаланың көрікті жерлерін аралатты. Аталған орталықта психологиялық тренинг өткізіп, үстел теннисі, стритбол және басқа да спорттық шаралардың өткізілуіне ұйытқы болды.
    – Мен Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс жасаймын. Бұл турнирге 6 оқушы әкелдім. Нәтижесі жаман емес. Бір оқушым 1-орын алса, тағы біреуі 3-орыннан көрінді, – деді Алматыдан келген Досан Даңғылбаев.
    Бір аптаға созылған ақылдылар сайысында тараздық жеткіншектер 3-орын алса, Атыраудан келген ойыншылар 2-орынды иеленді. Жүлделі 1-орынды Ақтөбе облысының командасы қанжығасына байлап, турнир жеңімпазы атанды.
    А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

07 қараша 2017 ж. 226 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области