Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "ТАРАЗ" СОҢҒЫ ТУРДА "ҚАЙСАРДАН" ҰТЫЛЫП ҚАЛДЫ

"ТАРАЗ" СОҢҒЫ ТУРДА "ҚАЙСАРДАН" ҰТЫЛЫП ҚАЛДЫ


    Маусымның соңғы турында кездескен «Тараз» бен «Қайсар» арасындағы ойынның тағдырын жалғыз гол шешті. Қызылордалықтар жеңіп қана қойған жоқ, турнир кестесінде 6-орынға көтерілді.
    «Тараздың» тағдыры күні бұрын белгілі болып қойған. Қазақстан футбол федерациясының қалауымен алты ұпайынан айрылған Ваит Талғаев шәкірттері сол күйі естерін жия алмастан бірінші лигадан бір-ақ шықты. «Қайсарға» қарсы матч ешнәрсені өзгертпесе де, соңғы турда өз алаңында «Тараз» жанкүйерлерін қуантуға тырысады деп күткенбіз. Жоқ, керісінше, «Қайсар» жарады. Түзде жаралы аңның жарасын одан сайын басып, турнир кестесінде 6-орынға көтерілді.
    «Тараз» – «Қайсар» (Қызылорда) 0:1 (0:0)
    Гол: Евстигнеев, 57 (0:1).
    Ескертулер: Фещук 40, Эргашев 75, Бойович 75, Жахаев 83, Граф 85. Қызыл қағаз: Бойович, 81. «Тараз»: Бабаханов, Эргашев, Диара, Фещук, Шипицин, Мане, Шадманов, Зайнутдинов, Әмірханов (к), Молтусинов (Горячий 52), Байжанов (Қожамберді 46). Резерв: Зайнутдинов, Қараман, Таубай, Хайруллин, Қарпық.
    «Қайсар»: Исламқұлов, Аржанов, Граф, Курьор, Ламанж, Джа Джедже (Алтынбеков 90+1), Әмірсейітов, Евстигнеев, Нәрзілдаев (к), Жаңғылышбай (Бойович 56), Жақаев (Мулдаров 90+3). Резерв: Григоренко, Байжанов, Сахалбаев, Балтаев.
    Төрешілер: Григорий Московченко (Павлодар), Алексей Шабанов, Сергей Васютин (екеуі де – Алматы)
    Тараз қаласы, Орталық стадион. 1000 көрермен.
    Бірінші тайм тең дәрежеде өтті. Жанкүйерлерінің демеуіне сүйенген алаң иелері шабуылдауға тырысқанымен Марсель Исламқұлов қорғаған қақпадан саңылау таппады. Керісінше, көп ұзамай қонақтар да «тараздықтарды» тықсырта бастады. Бірақ талас негізінен алаң ортасында өрбіп, екі жақ та бірінші кезекте орталықта қожайын болудың қамын жасады.
    Екінші таймда Ваит Талғаев шәкірттері қамшыны қайта басты. Бірақ «Қайсардың» қарымта шабуылдарын өткізіп алып, «Тараз» футбол клубының түлегі Дмитрий Евстигнеевтің айып алаңының сыртынан тепкен добы қиялай ұшып, қақпа бағанасына тиді де, Жорахан Бабаханов қақпасында тулап жатты. Есеп – 0:1.
    Голдың алдында қонақтардың бас бапкері Стойчо Младенов Тоқтар Жаңғылышбайды алып тастап, орнына Милан Бойовичті шығарған. Сол Бойович 75-ші минутта ескерту қағазын алды да, кездесудің аяқталуына 10 минут қалғанда Бабахановпен оңбай соғысып, екеуі екі шетте аунап жатты. Ал дәрігерлер келіп, алаңнан көтеріп алып шығып бара жатқанда бас төреші оған қызыл қағаз көрсетіп, «Қайсар» кем құрамда қалды.
    Соңғы минуттарда «Тараз» қанша шабуылдап, таразы басын теңестіруге тырысқанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ.  
    Ал «Қайсар» ендігі жылы Еуропа лигасының жолдамасына да таласып қалуы мүмкін.
    Әзиз ЖҰМАДІЛ.   

07 қараша 2017 ж. 541 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области