Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ


     «Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында ағымдағы жылдың екінші және үшінші тоқсанды қорытындылаған алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлім басшылары мен балалар-жасөспірімдер спорт  мектептерінің директорлары, орынбасарлары қатысты.
    Мәжілісті бастау алдында басқарма басшысы Олжас Акимов сегіз спортшыға ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР  спорт шебері куәліктерін  тапсырды. Оны ішінде бокстан Қамшыбек Қоңқабаев ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағымен марапатталса, велоспорттан Ғабиден Әзен ҚР спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәліктерін иеленді. Қалған спортшылар Назерке Өмірғалиева (жеңіл атлетика), Гүлжайна Тыныбекова, Қожахмет Алтынбек (екеуі де байдарка мен каноэде есу), Ерсұлтан Әли (велоспорт), Әзиз Санатбаев пен Ақжол Зайыпқа (екеуі де бокс) ҚР спорт шебері куәлігі берілді.
    Күн тәртібінде №4 және №5облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерініңбілікті спортшылар мен спорт резервтерін дайындау   жұмыстары, Сырдария және Жалағаш аудандарының дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің «Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіштері» әкімшілік деректердің нақтылығы туралы  хабарламалар жасалынды.
    Алқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.

06 қараша 2017 ж. 680 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области