Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ФИНАЛДА КЕЗДЕСЕТІН КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ФИНАЛДА КЕЗДЕСЕТІН КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ


Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалы аясында бүгін Мәскеудегі «Лужники» стадионында Хорватия мен Англия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ойын аса тартысты болатыны о бастан белгілі еді. Алғашқы минуттардан-ақ қауіпті шабуылдардың ұйымдастырылуы да оны дәлелдеді. Сондай шабуылдардың бірінен соң англиялықтар айып добын тебу мүмкіндігін алды. 5-минутта оны қорғаушы Киран Триппьер тамаша орындап, есеп ашты - 1:0.
Ерте гол жіберіп алған хорваттар есепті теңестіру үшін көп тер төкті. Бірақ бірінші таймда оның сәті түскен жоқ. Ал ағылшындар, керісінше, көп күшпен шабуылдауды доғарып, ойынды бақылауда ұстауға тырысты. Екінші таймның ортасына дейін мұның үдесінен шығып та жүрді. 68-минутта Шиме Врсалько оң қанаттан айып алаңына әуелете әдемі пас берді. Бірнеше қорғаушының қоршауында жалғыз қалғанына қарамастан, хорватиялықтардың шабуылшысы Иван Перишич сол аяғының сыртымен соққы бағыттап, есепті теңестірді. Есеп 1:1.
Осыдан кейін командалар шабуылға лап қоя бастады. Ойынның қарқыны артқаны соншалық, тіпті, қауіпті сәттердің қайталамасын көруге уақыт болмай жатты. Негізгі уақыттың соңғы он бес-жиырма минутында хорваттар айқын басымдыққа қол жеткізіп отырды. Плей-оффтағы бұдан бұрынғы екі ойында пенальтилер сериясына дейін ойнағандықтан, осы ойында негізгі уақытта жеңісті іліп әкетуге ұмтылғаны түсінікті жайт. Бірақ бұның үдесінен шығу мүмкін болмады. Түркиялық төреші Жүнейт Чакыр негізгі уақытқа үш минут қосып берген еді. Бұл минуттарда да гол соғылмай, командалар қосымша тағы екі тайм ойнауға мәжбүр болды.
Экстра-таймдардың алғашқысында ойынның біраз берекесі қашқандай болды. Өйткені ойыншылардың шаршағаны байқала бастады. Сонда да Златко Далич жаттықтыратын Хорватия гол соғатын күш таба білді. Экстра-таймдардың екіншісінде, дәлірегі, 109-минутта Иван Перишич допты кенет баспен айып алаңына асырып, Марио Манджукич гол соқты. Есеп - 2:1. Бір гол айырмасымен алға шыққан хорваттар қайткенде де осы есепті сақтап қалу үшін ойынды бақылауға ұмтылды. Уақытты да созды, бас бапкер ойыншыны да алмастырды - бәрін істеді. Кей кездері қарсыластар бір-бірімен жаға жыртысуға дейін барды. Қысқасы, Хорватия тарихында алғаш рет Әлем чемпионатының финалына шығудың үдесінен шықты.
Англия енді 14 шілдеде Бельгиямен үшінші орын үшін алаңға шығады.
Еске салайық, кеше, 10 шілде күні Франция Бельгия құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Енді 15 шілдеде Франция мен Хорватия футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазын анықтайды.
12 шілде 2018 ж. 641 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области