Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МҰХИТ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

МҰХИТ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

«Шынықсаң шымыр боласың» деп, спортты жанына серік еткен жандар қаншама? Әсіресе, бүгінгі жас буынның темекі мен алькоголді ішімдіктерден ерікті түрде бас тартып, салауатты өмір салтын сақтауға ден қойып жатқаны көңіл қуантады. Сондай жанның бірі – Мұхит Аманкелдіұлы.
  Ол Шиелі ауданының тумасы. Бала күнінен спортқа қызығып, оны өмірінің хоббиіне айналдырған.
  Әйгілі қазақ спортшыларын өзіне үлгі етіп, «Елімнің Туын көкке көтерсем» деп армандап өскен жас оғлан 2001 жылы дүниеге келген. Оның спортқа деген қызығушылығын байқаған әкесі Аманкелді баласына демеу болып, бала арманына қанат бітіруге жұмыс жасайды.
  Мұхитты мақсатына жеткізу үшін Қызылорда қаласындағы «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы спорт мектебіне табыстайды. Оның жаттықтырушылары Болат Кенеев пен Бауыржан Мырзалиевтар: «Мұхиттың бойында қайтпас қайсарлық бар. Алда әлі талай белестерді бағындырады», – дейді.
  2016 жылы Екібастұз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында, Тараз қаласындағы спартакиада да, өткен 2017 жылы Атырау қаласында болған белбеу күрестен өзін көрсетіп, жүлдемен оралған еді.
  Міне, жуырда Жезқазған қаласында өткен чемпионатта мықтылығын танытып, қазақ күресінен өзінің салмағы бойынша жүлдемен оралды. Осы жетістігінің арқасында Монғолия елінің астанасы Ұлан Батыр қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
  Жеңімпазды қабылдаған аудан әкімі Әшім Оразбекұлы алдағы жарысқа табыс тілеп, қолдау көрсететінін білдірді.
  «Спорт – менің өмірім» дейді қатарының алды болып жүрген жас жігіт. Аудан басшысымен жүздескен ол Азия чемпионатынан жеңіспен оралатынын жеткізді.
  Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшыны жеңісімен құттықтап, біз де алдағы бәсекеде биіктен көрін деп тілейміз.

Ерұлан БАЛТАБАЙҰЛЫ,
Шиелі ауданы

12 мамыр 2018 ж. 89 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области