Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ВОЛЕЙБОЛДАН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

ВОЛЕЙБОЛДАН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ


    Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан Ауған соғысының ардагерлері арасында республикалық турнир өтті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Астана қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе,  Қарағанды, Павлодар және Қызылорда облыстарынан  7 команда шеберлік байқасты.
     Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан  Ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Жарысқа 48-58 жас аралығында Ауған соғысына қатысқан ардагерлер сынға түсті.  Нәтижесінде  Алматы облысының командасы Астана қаласының ардагерлерін 2:1 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Үшінші орынды Қызылорда облысының командасы иеленді.
    Нәтижесінде «Үздік ойыншы» номинациясымен Азат Ментаев (Атырау), Қуат Иманханов (Алматы), Сергей Любовский (Астана қ.), Ақылбек Аманов (Қарағанды), Сапарғали Мұқашев (Ақтөбе), Мырзабек Абраев (Павлодар) және «Белсенді қатысқаны үшін» Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының командалары марапатталды.
    Жеңімпаз және жүлдегер командалар грамота, кубок, медаль және ақшалай сертификаттар табысталды.

30 қазан 2017 ж. 801 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области