Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ


    Қызылорда қаласының «Мұз айдынында» волейболдан ауған соғысы ардагерлері арасындағы республикалық турнир ұйымдастырылды.
    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шараның ашылу рәсіміне қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
    «Қанша адамның отбасына өшпес жара салған бұл соғыстың аяқталғанына да 30 жылға жуықтады. Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы – Отаным деп жанын пида еткен азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау. Бүгінгі жарыстың мақсаты – біріншіден, ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отан үшін отқа түскен, жат жерде көз жұмған азаматтарымызды еске алу, екінші жағынан бұқаралық спортты дамыту. Бүгінгі таңда облысымызда осы  спорт түрімен 25 393   адам шұғылданса, оның ішінде  14 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде  1 143  бала тәрбиеленуде.     Облыста волейболды дамыту үшін былтыр «Қайсар»  волейбол ойын түрлері клубын құрдық», - деді аймақ басшысы.
    Өңірде спорт саласын дамытуға жасалған қолдаудың арқасында спортшыларымыз биік белестерді бағындырып жүр. Олар биылғы жылы Қазақстан чемпионаттарында  - 660 медаль жеңіп алса, Азия, Әлем чемпионаттарында - 67  медаль иеленді. Еліміздің Ұлттық құрама командасына 420 спортшы енді.
    Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларды ҚР Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл құттықтады.
    Атап өтейік, 2 күндік республикалық турнирге еліміздің 7 облысынан келген командалар өзара бақ сынасты.

30 қазан 2017 ж. 755 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области