Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қызылордада кикушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар және ересектер, сондай-ақ, әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық республикалық және облыстық киокушинкай-кан каратэ федерацияларының ұйымастыруымен өткізілген дүбірлі додаға республиканың аймақтарынан 14 команда, барлығы 500-дей спортшы қатысты.
  Тартысты өткен жарыс нәтижесінде облыстың құрама командасы 6 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншілеп, қоржынға 12 медаль салды. Осылайша, сыр спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды – Батыс Қазақстан, келесі жүлделі орынды – Қарағанды облысының командалары алды.
  Дүбірлі жарысқа Қызылорда облысынан 20 спортшы қатысып, оның 12-сі жүлделі орынды иеленді. Атап айтсақ, кумитэ бағдарламасы бойынша 10-11 жас аралығында Нұртуған Ертай (-35 келі), 12-13 жас аралығында Жалғас Анарбаев
(-35 келі), 14-15 жас аралығында Али Мейрамбек (-45 келі) пен Ислам Серікбай
(-60 келі), 16-17 жас аралығында Әлішер Арман (-55 келі) және Нұрбақыт Жұмабек (18 жас, -65 келі) кубок жеңімпаздары атанды. Бұған қоса, ересектер арасында өнер көрсеткен Нұрбақыт Жұмабек ҚР спорт шебері нормативін орындады.
  Нұрислам Кенжебекұлы (8-9 жас, -30 келі), Дінмұхаммед Балқашбай (12-13 жас, -40 келі) және Жеңісбек Сахи (14-15 жас, -45 келі) – күміс, Нұржан Жанболат (12-13 жас, -40 келі), Бексұлтан Шәйділда (14-15 жас, -55 келі) және Ерсайын Тілеу (16-17 жас, -70 келі) – қола жүлделерді иеленді.
  Алдағы маусым айында Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына Сыр өңірінің намысын Али Мейрамбек, Ислам Серікбай, Нұрбақыт Жұмабек және Айбек Шаукиловтер қорғайтын болады.
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Бауыржан Мұханов пен Үсен Төлегенов дайындады.
09 сәуір 2018 ж. 88 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области