Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТУДЕ


Бүгін «Евразия» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар, әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы басталды. Дүбірлі бәсекеге еліміздің өңірлерінен 14 команда, 500-дей спортшы 25 салмақ дәрежесінде сынға түсуде.
  Жарыстың салтанатты ашылуында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева және Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының бірінші вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлімжан Молдағали сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
  Жарыстың мақсаты - маусымда Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына спортшыларды іріктеу, 3-ші нөмірдегі спортшыларды таңдау, жастарды спортқа тарту, саламатты өмір салтын насихаттау, киокушинкай-кан каратэ спортын дамыту болып табылады.
  Сондай-ақ, ел кубогының аясында, бүгін сағат 17.00-де халықаралық «Сыр шайқасы» атты жолдастық кездесу өтеді. Жарыс барысында Қазақстан құрама командасы Ресей, Белоруссия және Қырғызстан спортшыларымен бақ сынасады. Қазақстан кубогы 7 сәуірде аяқталады.        
06 сәуір 2018 ж. 46 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области