Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ГОЛОВКИН МЕН СОНДЕРСТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ КҮЗГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН

ГОЛОВКИН МЕН СОНДЕРСТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ КҮЗГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин британиялық Билли Джо Сондерстің қалауы бойынша онымен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.
  Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) мамыр-маусым аралығында кездесу өткізуге келісе алмағанмен, бұл мәміле өзектілігін жойған жоқ. Британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уорреннің сөзіне қарағанда, жекпе-жекті күзде ұйымдастыру үшін келіссөздер жүріп жатыр.
  «Мен Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлестім, Головкин-Сондерс жекпе-жегін күзде өткізуді жоспарлап жатырмыз. Билл қолынан жарақат алған еді. Ал Головкиннің командасы жекпе-жекті 5 мамыр күні өткізуді жоспарлаған. Бұл жекпе-жекті маусымда өткізу де мүмкін болмай тұр», - дейді ол BoxingScene басылымына берген сұхбатында.
«Оның үстіне Билл 23 маусымда Мартин Марреймен кездесіп, титулын қорғайды. Жеңген жағдайда, күзде Головкинмен кездесуде титулдарды біріктіру мүмкіндігі туады. Ол ауқымды кездесу болатын еді, біз оны Британияда қуана өткізер едік», - дейді Фрэнк.
06 сәуір 2018 ж. 114 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области