Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекеттік мәртебе алуына 20 жыл толуына орай "Сейхун" спорт кешенінде бокстан жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, оқушылары арасында өткізілген облыстық ашық біріншілігінің жабылу рәсімі өтті.
Оған барлығы 87 студенттен құралған 14 команда қатысты. Қатысқан 87 студенттің 37-сі - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті.
Командалар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, "Болашақ" университеті, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, Қызылорда жоғары медициналық колледжі, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжі, Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі, Байқоңыр колледжі, Арал копсалалы колледжі, "Абылай хан" жоғары колледжі, "Болашақ" университетінің колледжі, Агро-техникалық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінен құралды.
Нәтижесінде әртүрлі салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды 7 студент, жүлделі ІІ орынды 6 студент, ал жүлделі ІІІ орынды 8 студент еншіледі.




04 сәуір 2018 ж. 434 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области