Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ 13 АЛТЫН ОЛЖАЛАДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ 13 АЛТЫН ОЛЖАЛАДЫ


Ташкент қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка және каноэде есуден өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы 15 жүлделі орынды иеленді. Жерлестеріміз жарыста табысты өнер көрсетіп, 13 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп, биылғы маусымды сәтті бастады.
Жасөспірімдер арасында бірлік бәсекесінде сынға түскен Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат және №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Эльнура Нурланова 200, 500, 1000 және 3000 метр қашықтықта 4 алтын жүлдені жеңіп алса, Диас Бахраддин 1000, 5000 метр қашықтықта екі мәрте алтын, 500 метрлік сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жастар арасында бірлік сынында бақ сынасқан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Қожахмет Алтынбек пен Гүлжайна Тыныбекованың мерейі үстем болды.
Қожахмет 500, 1000, 5000 м.қ. 3 алтын, ал Гүлжайна 200, 500, 1000 және 3000 м.қ. 4 алтын медальға ие болды. Сондай-ақ, Темірғали Орақбаев қола жүлдені еншіледі.
Аталған жүлдегер өрендерді ел біріншілігіне жаттықтырушылар Мұхитдин Мейірбеков пен Диана Қазиева дайындады.



30 наурыз 2018 ж. 373 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области