Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫ ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ТОП-15-КЕ ЕНДІ

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫ ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ТОП-15-КЕ ЕНДІ


Конькишілердің халықаралық одағы (ISU) мәнерлеп сырғанау бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сілтеме жасап.
Әйелдер арасында бірінші орынды канадалық спортшы Кэйтлин Осмонд иеленді. Сондай-ақ, алғашқы 5-тікке ресейлік үш мәнерлеп сырғанаушы - Евгения Медведева, Мария Сотскова, Алина Загитова және жапон қызы Сатоко Мияхара енді.
Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 14-орында тұр.
Одан бөлек, рейтингке тағы үш қазақстандық спортшы енген: Айза Мамбекова - 95, Жансая Адыханова - 196 және Алана Тоқтарова - 261-орында.
Ерлер арасында жапондық Юдзуру Ханю топ бастап тұр. Екінші орынға оның отандасы Сома Уно табан тіреген. Одан бөлек үздік бестікке америкалық Нэтан Чен, ресейлік Михаил Коляда, испандық Хавьер Фернандес енді.
Қазақстандық Денис Тен 31-ші орынды місе тұтты.
Тағы екі отандасымыз тізімге енген: Абзал Рахымғалиев - 92, Артур Панихин - 199-ші.



28 наурыз 2018 ж. 1 081 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области