Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


    Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 20 команда, 220 тоғызқұмалақшылар ұлттық ойынды ұлықтады. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізілді.
    Нәлқожа Ақбалаұлы – Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуында із қалдырған белгілі қоғам қайраткері. Елге адал қызмет жасаған азамат екі мәрте Ленин орденімен, сондай-ақ, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Бүгінде Сырдария ауданы мен ауылдардағы мектептер, мәдениет үйлерінің бірқатары бір кездері осы ауданды басқарған Нәлқожа Ақбалаұлының бастамасымен салынды. Былтырдан бастап халықаралық мәртебеге ие болған турнирге жыл өткен сайын қатысушылар саны көбейіп, маңызы арта түсуде.
    Ойынның мақсаты – Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін тоғызқұмалақты  облыс көлемінде дамыту, халық арасында кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру.
    Турнирде «Ең жас ойыншы» номинациясына 6 жасар Янжу Өмірбай (Арал ауданы) ие болса, «Ең жасы үлкен ойыншы» номинациясымен 70 жастағы оңтүстікқазақстандық Тілеу Құдияров марапатталды. Жарысқа белсенді қатысқаны үшін бірқатар елдердің өкілдеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді. Бұған қоса, өткен жылдың қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан «Үздік ойыншы» номинациясымен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған жерлесіміз Ақерке Кенжебекова марапатталды.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Турнир нәтижесі:
15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар:
I орын Балнұр Айжарық (Қызылорда)
II орын Зарина Асибек (Қызылорда)
III орын Гүлзат Қыстаубаева (Арал ауданы)
15 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар:
I орын Дамир Ахметов (Сырдария)
II орын Бексайыр Айтмаханов (Қызылорда)
III орын Жарылқасын Беркінбаев (ОҚО)
Әйелдер арасында:
I орын Әсел Дәлиева (ОҚО)
II орын Салтанат Сапарбекова (ОҚО)
III орын Айтұрған Мақсатбекқызы (Қырғызстан)
Ерлер  арасында:
I орын Ғалымжан Темірбаев (Астана)
II орын Саят Жандарбек (ОҚО)
III орын Бексұлтан Бостандықов (Қызылорда)


07 наурыз 2018 ж. 87 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области