Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ


    Жаттықтырушы Жанар Дүйсекенованың тәрбиеленушілері Гүлдерайым Алмағанбет пен Нұрғаным Тұршабек Сербияда өткен жастар арасындағы Әлем  чемпионатында қола жүлдені  иеленді.
    Қос спортшы да 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Екеуі де самбодан ҚР құрама командасының мүшелері, ҚР спорт шеберлері, биылғы жылғы Ташкентте өткен жастар арасындағы Азия чемпиондары,  ҚР Жастар спорт ойындарының жеңімпаздары.
    Сондай-ақ, олар дзюдо спортымен де айналысады. Үстіміздегі жылдың қараша айында Ақтөбеде өтетін дзюдодан ҚР чемпионатына қатысады.
    Г.Алмағанбет пен Н.Тұршабек №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаттығады.





17 қазан 2017 ж. 596 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области