Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ


    2-6 наурыз аралығында облыс орталығындағы оқушылар сарайында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ХІ  халықаралық турнир өтеді.
    Турнирге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей,Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-ден аса тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады. Биылғы жарысқа Қытай және Ауғанстанның ойыншылары тұңғыш рет қатысатын болады. Жарыс 9 тур бойынша жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізіледі.
    Ұымдастырушылардың айтуынша, ойынның мақсаты – ұлттық спорт түрін халық арасында кеңінен насихаттау, оқушылардың спорттық шеберлігі мен зияткерлік қабілетін қалыптастыру.
    Атап өтейік, зияткерлік сайыста еліміздің құрама команда сапында Әлем чемпиондары, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Хәкімжан Елеусінов, Әсел Дәлиева, Әлем чемпиондары Ғалымжан Темірбаев, Нұрбек Кабиев, Диана Кенина, Лина Каримова өнер көрсетсе,  Қырғызстаннан Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері Анарбек Жамакеев қатысады.


28 ақпан 2018 ж. 192 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области