Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды

Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен XII облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті.

Дүбірлі бәсекеге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 9 команда 200-ге жуық балуан қатысты.
Түйе палуан сайысына 13 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігі мен 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

«Сыр Арланы» – Қызылорда қаласының спортшылары Мақсат Исағабыловқа 300 мың теңгенің, «Сыр Сұңқары» – Ержан Аблуллаевқа 200 мың теңгенің сертификаты берілді.

Үстіміздегі жылдың 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сəлімгереев пен М. Исағабылов облыс намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ, үш жас ерекшелігі бойынша 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер, 2002-2003 ж.т. жастар және ересектер арасында спортшылар 26 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасты.
05 мамыр 2021 ж. 5 356 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области