Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ТУРНИР

ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ТУРНИР


    Қызылорда қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдығын мерекелеу аясында облыстың инновациялық мектептері арасында мини-футбол және қол күресінен спорттық турнир өткізілді. Оған  «Мұрагер» мектебі, №3 мектеп-гимназиясы, «Дарын» дарынды балаларға арналған мектебі, №5,11,12,268 мектептері, Жалағаш ауданындағы №31 мектеп-лицейі және Қызылорда қаласының химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері қатысты.
    Спорт күнінің ашылу салтанатында Зияткерлік мектептің директоры Бақыт Жұматай спорттың салауатты және дамыған тұлғаны қалыптастырудағы рөлін атап өтті, сондай-ақ барлық командаларға сәттілік тіледі. Спартакиада ережелері бойынша 10 команда 3 топ бойынша жарысты. Командалар топтарында жетекші болғандар соңғы ойындарда жүлделі орындар үшін күрескен болатын.
    Спартакиаданың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: мини-футболда № 3 мектеп-гимназия командасы бірінші орынды иеленді, екінші орынды алаң иелері алса, ал № 11 мектепті үшінші орынды иеленді.
    Қол күресінен бірінші орын Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасымен, екінші және үшінші орындарды №3 мектеп-гимназиясының және Жалағаш ауданының № 31 мектеп-лицейінің оқушылары жеңіп алды.
    Оқушыларды спортқа тарту және инновациялық мектептердің оқушылары арасындағы достық байланыстарды нығайту мақсатында өткізілетін спорттық іс-шара үстіміздегі жылдың 17 ақпанында қыздар мен жігіттерге арналған волейболдан өткізілетін жарыспен жалғасын табатын болады.



09 ақпан 2018 ж. 12 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области