Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ


    Қызылорда облысында дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.
    Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда 2017 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 27,1 пайызға ұлғайып, 211 271 адамға жетті. 9 спорт кешені пайдалануға берілді, 138 елді мекенге 282 спорт нұсқаушысы тартылды.
    Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1571 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 450 мыңнан астам адам қатысты.
    Қазақстан Республикасы чемпионаттарына қатысқан облыс спортшылары 204 алтын, 248 күміс және 345 қола медаль иеленген болса, Азия және әлем чемпионаттарынан 28 алтын, 27 күміс, 37 қола медаль алды.
    2 – Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi, 6 – ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, 58 – ҚР спорт шебері, 899 ҚР спорт шеберіне үміткерлер мен  І разрядты спортшылар дайындалды.
    «Қайсар» футбол клубы Қазақстан чемпионатының Премьер-Лигасында 6 орынды иеленді, маусымды «Байқоңыр» футбол клубы да сәтті аяқтап 5 орын алды.
    Мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева VІІІ қысқы Азия ойындарынан қола медаль иеленді.
    Сондай-ақ,  шахматтан оқушылар арасында Әсел Серікбай  2 дүркін әлем чемпионы атанса, тоғызқұмалақтан Хәкімжан Елеусінов 3 дүркін әлем чемпионы атанды.
    Бокстан Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленсе, қазақ күресінен Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алды.
    Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен ҚР VI «Ақ бидай» ауыл спорт ойындарында облыстың құрама командасы жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді.

09 ақпан 2018 ж. 455 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области