Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДАРИЯЛЫҚТАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚТАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ


         Тараз қаласы Талас ауданы әкімінің  жүлдесіне арналған индор хоккейден ерлер мен қыздар арасында өткен республикалық турнирде жерлестеріміз жүлделі оралды.  Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
          Ерлер арасында  «Қайсар» командасы  турнир жеңімпазы атанса, қыздар командасы күміс жүлдені иеленді. Турнирде ерлер арасында  «Үздік  қақпашы» номинациясымен Бақытбек Сәрсенбайұлы, қыздар арасында «Үздік жартылай қорғаушы»  номинациясымен Диана Маратжанова марапатталды.
        Спортшылардың алдағы жоспары - үстіміздегі жылдың 5-12 ақпан аралығында Германияның Берлин қаласында индор хоккейден өтетін Әлем чемпионатына қыздар құрамасы қатысса, 20-29 наурыз аралығында Алматы облысында болатын ҚР чемпионатында ерлер және қыздар командалары облыс намысын қорғайды.  
         Команданы жарысқа индор хоккейден және көгалдағы хоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.
         Айта кетейік, көгалдағы хоккейден 5-15 наурыз аралығында Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін Азия чемпионатына облысымыздан тоғыз спортшы Қазақстан құрама сапында өнер көрсетсе,  жоғарғы лига командалары арасындағы Ресей Федерациясының ашық чемпионатында «Қайсар» ерлер командасы шеберлік байқасады.
         Жерлестерімізге сәттілік!




30 қаңтар 2018 ж. 392 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области