Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Баспен доп ойнау қауіпті – зерттеушілер

Баспен доп ойнау қауіпті – зерттеушілер

Kyzylorda-news.kz. Ұлыбританияда жас футболшыларға допты бастарымен соғуға тыйым салынады.
Англия, Шотландия және Солтүстік Ирландия футбол қауымдастықтары жаңа ережелер қабылдады, оған сәйкес жас балалар енді допты басымен ойнап жаттықпайды, деп хабарлады «Хабар 24».
Жақында Глазго университетінің ғалымдары футболшылардың ми ауруларынан қайтыс болу ықтималдығы орташа көрсеткіштен үш жарым есе жоғары екенін анықтады.
«Жаңа ережелер жаттығу кезінде бастың көп соққы алуынан пайда болатын қауіптер айтарлықтай азайтуға көмектеседі», - деді Англия футбол қауымдастығының басшысы Марк Булингем.
Ғалымдардың айтуынша, допты баспен соғу түрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Альцгеймер ауруымен ауыру мүмкіндігі бес есеге, моторлы нейрон ауруының ықтималдығы төрт есе және Паркинсон ауруының ықтималдығы екі есе артуы мүмкін.
29 ақпан 2020 ж. 340 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области