Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалылық боксшы олимпиадаға жолдама беретін турнирде бақ сынайды

Қазалылық боксшы олимпиадаға жолдама беретін турнирде бақ сынайды

Kyzylorda-news.kz. Қазалылық боксшы Дәметкен Келімбет бокстан Иорданияда өтетін турнирге қатысады. 3 наурыз күні басталатын байрақты бәсекеде 57 келіде бақ сынайтын жерлесіміз Азия мен Океания елдерінің былғары қолғап шеберлерімен бірге биыл Токиода өтетін Олимпиаданың лицензияларын сарапқа салады.
Дәметкенмен бірге халықаралық турнирде Ангелина Лукас (51 келі), Римма Волосенко (60 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Надежда Рябец (75 келі) ел намысын қорғайды. Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Ерік Алғабек осы аруларға сенім артып отыр.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Құлбаевтың шәкірті бұған дейін де ел біріншілігімен қатар, халықаралық турнирлерде топ жарып жүр. Соңғы рет өткен жылдың аяғында бокстан Нидерландта өткен «Эйндховен кубогы» халықаралық турнирінде алтын медаль ұтып алды.
26 ақпан 2020 ж. 202 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области