Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛАДЫ

ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛАДЫ


    20-21 қаңтарда «Евразия» спорт кешенінде шағын футболдан ҚР еңбек сіңірген экономисі, қаржы саласының құрметті қайраткері Камал Шөкеновті еске алуға арналған облыстық турнир өтеді.
    Жарысқа тексеру комиссиясы, Ұлттық банк, Қорқыт Ата ҚМУ, қаржы және экономика басқармалары, Жалағаш ауданы, қаржылық бақылау комитеті, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, мемлекеттік кірістер, қазынашылық департаменттерінен құралған 9 команда бақ сынасады.
    Ойын 20 минуттан екі кезеңде өткізіледі. Жарыстың жеңімпаз, жүлдегер командалары диплом, кубоктармен марапатталса, үздік бес ойыншыға естелік сыйлықтар беріледі.
    Ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы.
    Жарыс 20 қаңтарда сағат 9.00-де басталады, 10.00-де салтанатты ашылуы болады.


17 қаңтар 2018 ж. 508 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области