Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Футбол: «Қайсарға» Кабо-Верде құрамасының ойыншысы келді

Футбол: «Қайсарға» Кабо-Верде құрамасының ойыншысы келді

kyzylorda-news.kz. Қызылорданың «Қайсар» командасы тағы екі футболшыны қатарына қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл қызылордалық клубта Африка құрлығындағы Кабо-Верде құрамасының жартылай қорғаушысы Алвин Фортес өнер көрсетеді. Бүгінгі күнге дейін 25 жастағы ойыншы Финляндияның «ПС Кеми», Голландияның «Валвейк», «ТОП Осс», «Витесс ІІ», Түркияның «Болуспор», Грекияның «Верия», Чехияның «Зброёвка», Грузияның «Дила» клубтарының намысын қорғаған. 2018 жылдан бері Кабо-Верде құрамасында ойнайды.
Сондай-ақ, былтыр «Атырау» жейдесін киген қорғаушы Қуаныш Қалмұратов енді «Қайсар» қатарына қосылды. Ол 2014 жылдан бері «Атырау», елорданың «Астана-1964» командаларында шеберлігін шыңдаған. 2016-2018 жылдарда 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасында ойын көрсетті.
Бұдан бұрын «Қайсар» басшылығы қорғаушылар - Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидземен келісімшартқа отырған болатын.
Айта кетейік, «Қайсар» 3-27 қаңтар аралығында Түркияның Анталия қаласында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Қазір командада қазақстандық футболшылармен бірге Ресейден Алексей Шумских, Украинадан Ризван Аблитаров, Мозамбиктен Режиналдо Файфе, Португалиядан Нани сынақтан өтуде.
14 қаңтар 2020 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области