Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Golden Boy басшысы Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегін көргісі келеді

Golden Boy басшысы Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегін көргісі келеді

Kyzylorda-news.kz. Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес FightHype-ке берген сұхбатында компанияның басты жұлдызы Сауль Альваресті рингте кіммен көргісі келетінін айтты, деп хабарлады «Хабар 24».
«Бұл - GGG. Олар жақсы әрі жақын екі жекпе-жек өткізді, стильдерінің арқасында фанаттарға ұнады. Онда көптеген әрекет пен бақталастық болды, бір-біріне жақсы соққылары тигізді. Жарқын жекпе-жек шықты. Себебі екеуі бір-біріне ыңғайлы», - деді Гомес.
Алайда Альварестің өзі Головкинмен трилогия өткізуге ниетті емес. Айтуынша, қазақстандық боксшы енді оған сынақ бола алмайды.
Боксшылар Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан, 2017 жылы қыркүйекте тең есеп тіркелсе, бір жылдан кейін Канело төрешілер шешімімен жеңген.
DAZN стриминг сервисі де Альварес пен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуді қалайды. Боксшылар 2019 жылы қыркүйекте жұдырықтасады деген жоспар болған, бірақ мексикалық одан бас тартқан еді.
28 қараша 2019 ж. 33 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области