Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МакГрегор: Қазақстанның боксы мен еркін күресі ғажап

МакГрегор: Қазақстанның боксы мен еркін күресі ғажап

Kyzylorda-news.kz. Аралас жекпе-жектен екі салмақ дәрежесінде UFC тұжырымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Қазақстанның боксына тәнті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Ирландиялық спортшы Украина астанасы Киевте өткен баспасөз конференциясында Қазақстан ММА мен боксы жайлы ой бөлісті.
«Қазақстаннан шыққан ММА спортшыларын білмеймін. Бір білерім, Қазақстанның боксы еркін күресі секілді ерекше және тарихы тереңде жатыр. Қазақстандық файтерлерді кездестіргенім есімде жоқ. Шақырсаңыздар Қазақстанға барып қалуым ғажап емес», - деп жауап қайырған.
Айта кетейік, Конор МакГрегор соңғы жекпе-жегін 2018 жылы қазан айында өткізген. Сол кезде ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған еді. Ирландиялық спортшы енді 24 қазанда Мәскеуге ұшып барады.

23 қазан 2019 ж. 147 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области