Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар қыркүйек айының үздік спортшысын таңдады

Қазақстандықтар қыркүйек айының үздік спортшысын таңдады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Қыркүйек айының ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды.
Қыркүйек айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Бекзад Нұрдәулетов (бокс), Қамшыбек Қоңқабаев (бокс), Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес), Игорь Сон (ауыр атлетика) және Хорлан Жақанша (грек-рим күресі).
Оlympic.kz сайтында 1 қыркүйек күні басталған дауыс беру 9 қазанда аяқталды. Нәтижесінде, 43,07 пайызбен Бекзат Нұрдәулетов топ жарды. 23,34 пайызбен Хорлан Жақанша екінші орынға жайғасса, 22,08 дауыс жинаған Нұрқожа Қайпанов үшінші орынға ие болды.
10 қазан 2019 ж. 43 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области