Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицей Қоңқабаев Ақтауда күміс жүлдеге ие болды

Қызылордалық полицей Қоңқабаев Ақтауда күміс жүлдеге ие болды

Kyzylorda-news.kz. Қазан айының 5-6 күндері аралығында Ақтау қаласында жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл спорттық жарыста еліміздің барлық облыстарынан келген спортшылар бақтарын сынады.
Екі күнге созылған жарысқа Қызылорда облысы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері, полиция аға сержанты Асқар Қоңқабаев 85 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыс нәтижесінде атыраулық спортшыдан есе жіберген Асқар 2 орынды иеленді.
Айта кетейік, жерлесіміз Асқар Қоңқабаев – бокстан спорт шебері, түрлі чемпионаттардың және турнирлердің жеңімпазы.
10 қазан 2019 ж. 69 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области