Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жақсылық Үшкемпіров Сыр спортшыларымен кездесті (ФОТО)

Жақсылық Үшкемпіров Сыр спортшыларымен кездесті (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров іс-сапармен Қызылорда қаласына келді.

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы қаладағы бірқатар спорт нысандарын аралап, спортшылармен кездесті.
Қазақтың даңқты палуаны ауыл балалары тəрбиеленіп жатқан Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне барды.
"1980 жылы қазақ жастары арасынан боксшы Қонақбаев бар, біреуіміз алтыннан, біреуіміз күмістен медаль алып, қазақ халқының абыройын асырып, əлемге атын таныттық. Мен сендерге сенемін. Сендерден үміт күтеміз. Сендер де мен сияқты Əлем, Олимпиада чемпионы болуларыңа тілектеспін", - деді Жақсылық Үшкемпіров мектеп- интернат-колледж оқушыларына.
Одан əрі "Қайсар" ФК базасына келіп, «қасқырларды» жарқын жеңісімен құттықтады.
Клуб ұжымы Жақсылық Әмірәліұлына алғыс айтып, естелікке 7 нөмірлі жейдені табыс етті.

09 қазан 2019 ж. 32 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области