Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық шахматшы халықаралық турнирдің кубогына таласады

Қызылордалық шахматшы халықаралық турнирдің кубогына таласады

Kyzylorda-news.kz. Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткізілген желілік спартакиадада қызылордалық Нұрдаулет Таңатов шахмат ойынында 1-орынды иеленіп, халықаралық гороссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына арналған халықаралық турнирге жолдама алды.
Сондай-ақ, тоғызқұмалақ спорт түрінен өткен сайыста сырбойылық жас зияткерлер жеңіс тұғырынан көрініп, «Үздік команда» атанды.
100-ден астам оқушының басын қосқан дәстүрлі зияткерлік ойындар Көкшетау қаласында өтті. 84 жас шахматшы жүлделі орынға таласқан додада Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрдаулет Таңатов өзінің жас ерекшелігінде барлық қарсыластарын жеңіп, бірінші орынды иеленді.
«Ойын швейцар жүйесі бойынша өтті. 15 минуттық 9 турдан 8,5 ұпаймен жеңіске жеттім», - дейді жас шахматшы.
Ақыл-ой спортын жанына серік еткен 7-сынып оқушысы Дінасыл Ғалымжанқызы бұл додада үшінші орынды иеленіп, команданы жеңіс мінберінің үшінші тұғырына шығарды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының оқушылары арасында өткен тоғызқұмалақтан ІІ желілік спартакиадада 8-сынып оқушысы Жұлдызай Мұңайтпасова және 9-сынып оқушысы Досымжан Райымбек жекелей ойындарда екінші орындарды иемденіп, «Үздік команда» кубогын жеңіп алды.
Айта кету керек, аталмыш сайыстарды бірінші орындарды жеңіп алған спортшылар 27 қазан - 3 қараша аралығында Маңғыстау облысында өткізілетін атақты гороссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына арналған халықаралық турнирге жолдама алды.
08 қазан 2019 ж. 28 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области