Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Элизабет Тұрсынбаева Шанхайда күміс медаль иеленді

Элизабет Тұрсынбаева Шанхайда күміс медаль иеленді

Kyzylorda-news.kz. Элизабет Тұрсынбаева Қытайда өткен Shanghai Trophy турнирін күміс медальмен қорытындылады.
Қысқа бағдарламада 69,24 ұпай жиған қазақ қызы еркін бағдарламада 116,65 ұпайды қоржынға салды. Осы нәтиженің арқасында Элизабет екінші орынды иеленді. Қорытынды ұпайы – 186,09. Ал жарыстың бас жүлдесі әйгілі Евгения Медведеваға бұйырды. Пхенчхан Олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін Әлем және Еуропа чемпионы деген дардай атағы бар Ресей спортшысы 191,78 ұпайға қол жеткізді. Мың бұралған бұл арулардың екеуі де 19 жаста. Ал қола медальді 16 жастағы Оңтүстік Кореяның жас жұлдызы, Азия кубогының иегері Лим Ын Су иеленді. Оның көрсеткіші – 184,64 ұпай.
Биыл Әлем чемпионаты, Дүниежүзілік Универсиада және «Төрт құрлық біріншілігінде» күміс медальді мойнына ілген Элизабет Тұрсынбаеваның Шанхайдағы көрсеткіші көңілімізге қуаныш ұялатты. Себебі ол жарақатына байланысты алты айға жуық уақыт бойы мұз айдынына шыққан жоқ еді. Міне, ұзаққа созылған үзілістен соң қазақ аруы дүбірлі додада тағы да үздіктер қатарынан көрінді.
07 қазан 2019 ж. 23 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области