Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда 1000 спортшы қатысқан спартакиада мәресіне жетті

Қармақшыда 1000 спортшы қатысқан спартакиада мәресіне жетті

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында өткізілген ауыл спортшыларының XXХІІІ-ші «Алтын күз -2019» облыстық спартакиасы мәресіне жетті.

Ауылдық спортшылардың спартакиадасына айдынды Аралдан бастап Қартаудың баурайындағы Жаңақорған ауданына дейінгі ауыл спортшылары қатысты.
Спорттың 16 түрінен, атап айтқанда, футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, қол күрес, шахмат, гір спорты, асық ату, бес тас, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, көкпар, теңге алу, аударыспақ өткізілген шарада 1000-нан аса спортшы бақ сынады.
«Алтын күз - 2019» спартакиадасының жабылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бұқаралық спорт» бөлімінің басшысы Ғалым Сихымов жеңімпаздарды құттықтап, дипломдармен марапаттады.
Шара соңында ауыл спортшыларының «Алтын күз» облыстық спартакиадасының ауыспалы туын Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Толыбай Әлжановқа табыстады.
Спартакиаданың нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте Қармақшы ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Шиелі ауданы командасы қанжығасына байласа, үшінші орынды Сырдария ауданының командасы алды.

07 қазан 2019 ж. 23 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области