Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық «Қайсар» мен «Атыраудың» ойынында жанкүйерлер төбелес шығарды

Қызылордалық «Қайсар» мен «Атыраудың» ойынында жанкүйерлер төбелес шығарды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық «Қайсар» және «Атырау» клубының жанкүйерлері Қазақстан Кубогы - 2019 аясында өткен ақтық матч кезінде төбелесіп қалды. Жанкүйерлер матчты ортасынан тоқтатпақ болған.
Sports.kz жариялаған видеодан ойын ортасында төбелес шыққанын көруге болады. Сонымен қатар, жанкүйерлер бір-біріне қағаз стақандарды лақтырған.
«6 қазан күні футболдан «Астана Арена» стадионында өткен «Атырау» - «Қайсар» матчын кейбір қызуқанды фанаттар тоқтатып тастамақ болды. Полиция қызметкерлерінің араласуымен даулы оқиға тоқтатылды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарды мәдени және спорт шаралары кезінде қоғамдық тәртіпті бұзбауға, арандатуға берілмеуге шақырады. Полицейлер құқық бұзғандар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.
Айта кетейік, матч кезінде алғашқы голды ойынның 67-ші минутында атыраулық команданың шабуылдаушысы Петар Гжельчак салды. 87 минутта алаңға шабуылдаушы Игорь Зенькович шығып, есепті теңестірді. Ойынның соңғы минуттарында Думан Нәрзілдаев «Атырау» қақпасына екінші голды салды.

07 қазан 2019 ж. 135 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области