Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда ауыл спортшыларының «Алтын күз» спартакиадасы басталады

Қармақшыда ауыл спортшыларының «Алтын күз» спартакиадасы басталады

Kyzylorda-news.kz. 3 қазан күні Қармақшы ауданында ауыл спортшыларының XXXIIl «Алтын күз-2019» облыстық спартакиадасы басталады.

Жарысқа облыстың 7 ауданынан 1000-нан аса спортшы спорттың 16 түрінен: волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, асық ату жəне бес асық бойынша сынға түседі.
Мақсаты – бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортшыларының рухын көтеру, Елбасы жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру.
Жеңімпаз жəне жүлдегер командалар 5 қазан күні анықталады.
Айта кетейік, былтырғы жылы Шиелі ауданының командасы жеңімпаз атанған болатын.
Салтанатты ашылуы 3 қазан сағат 17.00-де орталық стадионда, жарыстар 09.00-де басталады.
02 қазан 2019 ж. 53 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области