Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Үзілген әнұранды жалғап, шырқай жөнелген қазақстандық спортшылар шетелдіктерді таңғалдырды (ВИДЕО)

Үзілген әнұранды жалғап, шырқай жөнелген қазақстандық спортшылар шетелдіктерді таңғалдырды (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Үндістанның Бенгалуру қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы өздерінің нағыз патриот екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, бірінші ойында су добынан Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездесті. Матч дәстүрлі түрде қарсылас елдердің әнұранымен басталды. Дыбыстық жабдықтың техникалық ақауына байланысты Қазақстан Республикасының әнұраны 8-секундта кенеттен үзіліп кетті. Осы кезде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы абыржымай, өз даусымен Әнұранымызды жалғастырып, толығымен айтып шықты. Ал көрермендер қолдау көрсетіп, қол шапалақтады. Жергілікті жанкүйерлер мен жарысқа қатысушылар қазақстандық жас қыздардың ерлігіне тәнті болды.
Ал ойын кезінде жерлестеріміз қытайлық қарсыласын 11:10 есебімен жеңді.
Айта кетейік, су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан командасы үш қола медаль жеңіп алды. 100 метрге брасс әдісімен жүзуде София Әбубәкірова үшінші орын алса, 50 метрге шалқалап жүзуден Кирилл Любимов қола жүлдегер атанды. Ал 200 метрге кешенді түрде жүзуде Илья Краснояров үздік үштікке енді.
Азия біріншілігі 3 қазанға дейін жалғасады.



25 қыркүйек 2019 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области