Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада түрме қызметкерлерінің отбасылары сайысты (ФОТО)

Қызылордада түрме қызметкерлерінің отбасылары сайысты (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы биыл да мекеме қызметкерлерінің отбасылары арасында «Әкем, анам және мен – спорт сүйер жанұямен» спорттық сайысын өткізді.

Жарысқа мекеменің режим бөлімінен «Томаевтар отбасы», жедел бөлімінен «Амантаевтар отбасы», тәрбие бөлімінен «Сұлтанғазиндер отбасы» қатысты. Спорттық шараны департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров ашып, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.
Тартысты да қызықты өткен спорттық шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары қазылық етті.
Сайыс нәтижесінде І орынды «Амантаевтар отбасы», ІІ орынды «Сұлтанғазин отбасы», ІІІ орынды «Томаевтар отбасы» жеңіп алды.
Жеңімпаз отбасылар мекеме бастығының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

24 қыркүйек 2019 ж. 219 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области