Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан қызылордалық боксшылардың қарсыластары анықталды

Әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан қызылордалық боксшылардың қарсыластары анықталды

Kyzylorda-news.kz. Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан боксшыларымыздың қарсыластары белгілі болды. Бұл былғары қолғап шеберлерінің арасында екі қызылордалық спортшылар да бар.

Кеше бокстан әлем бірінішілігінде ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан құрамасынан алты боксшы жартылай финалға жолдама алды. Бұл дегеніміз қоржынымызда 6 медаль бар деген сөз. Енді оның нешеуі күміс, нешеуі алтын болатынын алдағы уақыт көрсетеді.
Бүгін сол алты алты боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады.
Атап айтар болсақ, 52 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Сәкен Бибосынов үндістандық Амит Пангхал мен шаршы алаңда кездессе, 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов шаршы алаң қожайыны Андрей Замковоймен қолғап түйістіреді.
75 келі салмақта жартылай финалға сүрінбей жеткен жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет Филиппин боксшысы Эумир Марсиальмен жұдырықтасады. Ал 81 келі салмақтағы боксшымыз Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалда кубалық Хулио Ла Крус күтіп тұр. Рио Олимпиадасында ел қоржынына күміс жүлде сыйлаған 91 келі салмақтағы Василий Левит жартылай финалда Эквадор боксшысы Хулио Кастильомен жекпе-жекке шығады.
Аса ауыр салмақтағы (+91 келі) қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев болса австралиялық Джустис Хунимен финалдық бәсекені сынға салады.
Айта кетсек, бүгін боксшылар үшін демалыс күні. Жартылай финалдық кездесулер 20 қыркүйек басталады. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де басталса, кешкі сессия – 20.00-де.
Ал 21 қыркүйек күні финалдық бәсекелер 17.00-20.30 аралығында өтеді.
19 қыркүйек 2019 ж. 281 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области