Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Александр Винокуровты пара бергені үшін түрмеге отырғызбақ

Александр Винокуровты пара бергені үшін түрмеге отырғызбақ

Kyzylorda-news.kz. Бұрынғы қазақстандық кәсіби велошабандоз Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобневке жарыста өзара келісім жасасқан деген айып бойынша алты ай мерзімге түрмеге отыру жазасы төніп тұр. Бұл туралы бельгиялық RTBF телеарнасы хабарлаған.

Сейсенбі күні Бельгия прокуратурасы велошабандоздарды сыбайлас жемқорлыққа байланысты кінәлі деп тауып, оларды 6 ай мерзімге түрмеге отырғызуды талап етті.
Бұдан басқа А.Винокуровтан 100 мың еуро, А.Колобневтен - 50 мың еуро айыппұл, сондай-ақ ресейліктің банктегі шотынан алынған 150 мың еуроны тәркілеуді сұраған.
Винокуров мен Колобневке бұдан бұрын, 2010 жылғы сәуірде Льеж-Бастонь-Льеж веложарысында өзара келісім жасасқан деген айып тағылған болатын.
Прокуратура, Винокуров жарыста мәреге жетуі үшін Коловневтің өзін алға жібергендігіне байланысты оған 150 мың еуро төлеген деп есептейді.
Бельгиялық Льеж соты үкім жарияланатын отырыс 8 қазанда болатындығын мәлімдеді.
Бұған спортшылардың өзара жазысқан хаттары, 2010 жылғы шілдеде 100 мың және 50 мың еуро ақша аударымы дәлел болып отыр.
11 қыркүйек 2019 ж. 32 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области