Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық қос спортшы парадзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Қызылордалық қос спортшы парадзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді


Kyzylorda-news.kz. Атырау қаласында 6-8 қыркүйек аралығында парадзюдодан ерлер арасында Азия чемпионаты өтті.
Дүбірлі бəсекеде Сыр спортшылары 60 келі салмақта Олжас Оразалыұлы мен 66 келі салмақта Азамат Тұрымбетов қола жүлдеге ие болды.
Қос спортшы үстіміздегі жылдың 18-25 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында өтетін Гран-при жарысында бақ сынайды.
Айта кетейік, спортшылар 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұпай жинайтын жарыстарға кезеңімен қатысуда.
09 қыркүйек 2019 ж. 102 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области