Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада отырып ойнау волейболынан ел чемпионаты өтуде

Қызылордада отырып ойнау волейболынан ел чемпионаты өтуде

Kyzylorda-news.kz. «Мұз айдыны» спорт кешенінде тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан ел чемпионаты басталды.

Жарысқа Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарынан 6 команда үш күн бойы бақ сынасады.
Жарыстың салтанатты ашылуына облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов қатысып, қатысушы командаларға сəттілік тіледі.
Ел чемпионаты келесі жылы ақпан айында Америкада өтетін Əлем кубогына іріктеу жарысы болып табылады. Осы халықаралық жарыс арқылы Паралимпиада ойындарына қатысатын құрама команда жасақталады.
Ел чемпионатының алғашқы күнінде Қызылорда командасы Ақтөбе спортшыларын 3:0 есебімен жеңді.
Ел чемпионаты 31 тамыз күні аяқталады.
Осы саладағы өңіріміздің жетістіктеріне тоқталсақ, биылғы жылдың қаңтар айында облыс тарихында алғашқы рет мүгедектерге арналған спорт клубы ашылды. Клубта 350-дей спортшы спорттың 15 түрімен шұғылданады. Жыл басынан бері клуб спортшылары ҚР чемпионаттарына қатысып, 24 медаль жеңіп алса, 4 ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері дайындалды.
Оның ішінде отырып ойнау волейболынан 4 спортшы Қазақстан құрама сапына енді. Отырып ойнау волейболынан облыс командасы ҚР кубогының 2 мəрте иегері атанса, ҚР чемпионатының бірнеше мəрте жүлдегері болды.
Биылғы жылы Бангкок қаласындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленді.
29 тамыз 2019 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области