Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта ардагерлердің дәстүрлі IX спартакиадасы өтті (ФОТО)

Жалағашта ардагерлердің дәстүрлі IX спартакиадасы өтті (ФОТО)


Kyzylorda-news.kz.
Спартакиадаға кент және ауылдық округтерден 130 ардагер қатысты. Спорттың 5 түрі бойынша, атап айтқанда, қол күрес, асық, бес асық, арқан тарту, жеңіл атлетика (60 м, 500 м, 1000 м), эстафета(40х80) бойынша өткізіліп отырған спартакиданы аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, жарысқа қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.
«Сіздер ауданымыздың өркендеуі мен дамуы үшін өз қажыр-қайраттарыңыз бен ақыл-кеңестеріңізді аямай келесіздер. Сіздерді өмірде әрқашан азаматтық пен адамгершіліктің үлгісі, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білген азамат ретінде танимыз. Сіздерді бұдан әрі де арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, еліміздің игілігі үшін қоғам өміріне белсене араласады деп сенемін» - деді аудан басшысы.
Жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша І орынды Ақсу ауылдық округі иемденсе, ІІ орынды Жалағаш кентінің ардагерлері иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынға білім саласының ардагерлері ие болды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, Ақсу ауылдық округі командасы ардагерлер арасындағы спартакиадада қатарынан 4-рет жеңімпаз атанған.
Жалағаш ауданында қазіргі таңда 4000-ға жуық ардагер бар. Олар 79 бастауыш ұйымдарында есепте тұрады. Оны 11 адамнан құралған аудандық ардагерлер кеңесі басқарады. 1500-ге жуық батыр аналар бар.



29 тамыз 2019 ж. 32 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области