Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақ баласы әйгілі Салахпен не үшін кездескен? (ФОТО)

Қазақ баласы әйгілі Салахпен не үшін кездескен? (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық Әли Тұрғанбеков "Ливерпульдің" футболшысы Мохамед Салахпен кездесті. Мүмкіндігі шектеулі қазақ баласы англиялық клубтың жұлдызды ойыншылармен бір алаңда жаттығу жасап, футбол ойнаған. Қуанышы қойнына сыймаған бала кездесуден алған әсерін Instagram парақшасында жазған.

Әли УЕФА Суперкубогы үшін матчке шақырту алып қана қоймай, жұлдызды аяқдопшылардың жабық түрде өткен жаттығуына қатысу мүмкіндігіне ие болған.
"Достар, мені УЕФА Суперкубогына шақырды. "Ливерпуль" - "Челси" матчы! Қуанышымда шек жоқ. Өзімнің қаншалықты бақытты екенімді айтып жеткізе алмаймын. Бұл арманымды орындаған УЕФА, УЕФА қорына және Қайрат Советұлына алғысымды білдіремін. Дәл осы кісі бұл ғажайыпты ұйымдастырып, маған ұмытылмас әсер сыйлады" , - деп жазды Әли Тұрғанбеков.
"Ливерпульдің" маңызды матч алдындағы жаттығуында қазақ баласы Мохаммед Салах, Роберто Фирмино есімді танымал аяқдопшылармен және команданың бас бапкері Юрген Клоппен кездесіп тілдескен.
Кездесу барысындағы суреттерден мысырлық футболшының Әлиге өз қолтаңбасын қойып жатқанын да байқауға болады.


14 тамыз 2019 ж. 21 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области