Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық 14 жасар таеквондошы əлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Қызылордалық 14 жасар таеквондошы əлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Kyzylorda-news.kz. Ташкент қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасында Əлем чемпионаты өтті.

65 елдің таеквондошылары қатысқан дүбірлі бəсекеде Сыр өңірінің спортшысы, 14 жасар Айша Əділбекқызы Əлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Айта кетейік, бұл медаль – облыс тарихында таеквондодан алғашқы жүлде.
44 келіде өнер көрсеткен Айша барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, тек финалда иран спортшысына есе жіберіп алды.
Жас спортшы 7 жасынан бастап таеквондомен шұғылданады. Ол 15 ОРМБЖМ спортшысы, 3 дүркін Қазақстан чемпионы жəне жүлдегері. Спортшының бапкерлері - Нұржан Тоғанов пен Аман Жакудаев.
"Жарыс оңай болмады. Бірақ бар күш-жігерімді салып, намысқа тырыстым. Енді қазан айында Атырауда өтетін балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арасындағы ел чемпионатына қатысамын. Əрине əр спортшының арманы - Олимпиада чемпионы болу. 2022 жылы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында бағымды сынап, көк туды желбіретсем деймін. Ол үшін еке есе еңбектенуім керек", - дейді Айша Əділбекқызы.
13 тамыз 2019 ж. 104 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области